Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Асыл Айтакын әлем чемпионатында бесінші орынмен қалды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты • Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • Асыл Айтакын әлем чемпионатында бесінші орынмен қалды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты • Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды •

    Алматыда жасырын дәрі өндірісі әшкереленді: төрт фармкомпанияның заңсыз схемасы тоқтатылды

    Алматыда жасырын дәрі өндірісі әшкереленді: төрт фармкомпанияның заңсыз схемасы тоқтатылды

    Фото: © istockphoto.com

    Алматыда Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті көршілес мемлекеттерден дәрілік препараттарды, оның ішінде күшті әсер ететін медикаменттерді контрабандалық жолмен тасымалдап, кейін оларды ел аумағындағы дәріханалар арқылы сатумен айналысқан төрт фармацевтикалық компанияның заңсыз қызметін тоқтатты.

    Тергеу барысында күдіктілердің психотроптық заттар бар дәрілерді қоса алғанда, дәрілік препараттарды қолдан жасалған тәсілмен заңсыз өндіргені анықталды. Бірнеше қойма мен жасырын өндіріс цехы табылды.

    Жалған өнімдер антисанитарлық жағдайда дайындалғандықтан, азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген. Мұндай дәрілерді қолдану адам ағзасына орны толмас зиян келтіруі мүмкін.

    Сондай-ақ заңсыз әрекетті ұйымдастырушыларға ақша үшін қолдау көрсетіп отырған фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды тұлғалары анықталып, ұсталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →