Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады • Щукин Рыбакинаны WTA қорытынды турнирінің фавориті деп атады • КХДР Binance биржасына хакерлік шабуылға қатысы бар деген айыптауды жоққа шығарды • «Сағыныш билеп, сезімге ерік бердім»: Жанель Мақажан ажырасудан кейінгі жағдайын айтты • Надежда Петрова: Қорытынды турнир WTA-ның Индиан-Уэллске ауысуы кімге тиімді • Қостанайда 86 жастағы қария кісі қолынан қаза тапты • Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады • Щукин Рыбакинаны WTA қорытынды турнирінің фавориті деп атады • КХДР Binance биржасына хакерлік шабуылға қатысы бар деген айыптауды жоққа шығарды • «Сағыныш билеп, сезімге ерік бердім»: Жанель Мақажан ажырасудан кейінгі жағдайын айтты • Надежда Петрова: Қорытынды турнир WTA-ның Индиан-Уэллске ауысуы кімге тиімді • Қостанайда 86 жастағы қария кісі қолынан қаза тапты •

    Сасыған ет, қызметкерлерге қысым: Ақтаудағы балабақшада шыңғырған балалардың дауысы жұртты шошытты

    Сасыған ет, қызметкерлерге қысым: Ақтаудағы балабақшада шыңғырған балалардың дауысы жұртты шошытты

    Ақтау қаласындағы балабақшалардың бірінің сыртынан түсірілген бейнежазба желіні шарлап, ата-аналардың жағасын ұстатты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы.

    Бейнебаянда ғимарат ішінен шыққан балалардың ащы айқайы мен шыңғырып жылаған дауыстары анық естіледі. Тәрбиешілердің кішкентай бүлдіршіндерге тап беріп, зекіген дөрекі әрекеті сырт көзден жасырын қалмаған.

    Желі қолданушылары мен осы мекемеге баласын берген аналар пікірде бұл балабақшаның сорақылықтарын жарыса жазып, аяусыз сынап жатыр.

    Олардың айтуынша, мұнда балаларға психологиялық қысым көрсетіліп қана қоймай, асханада ашыған еттен тамақ берілген. Осындай бассыздыққа шыдамаған саналы қызметкерлердің өздері де жұмыстан кетіп қалған көрінеді. Оқырман қауым бұл мекеменің бұған дейін де талай шикілігі шықса да, таныс-тамырдың арқасында жауаптан құтылып келгенін алға тартты.

    Ашуға мінген халық Ақтау қалалық білім бөлімі мен әкімдіктен камераларды түгел тексеріп, бұл «тозақтың» көзін жоюды талап етуде. Тәртіп сақшылары мен құзырлы органдар әлі де ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

    Фото: abai.kz

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →