Басты бет » «Ерім құласа, тау құлайды»: Қарақат қартайып қалған Қыдырәліге ерекше жазба арнады (ВИДЕО)

«Ерім құласа, тау құлайды»: Қарақат қартайып қалған Қыдырәліге ерекше жазба арнады (ВИДЕО)

Коллаж: Qazaqtoday.info

Танымал әнші Қарақат Әбілдина желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

Өнер иесі жары Қыдырәліні жер-көкке сыйдырмай мақтаған.

«Соңғы уақытта көп нәрсе өзгерді. Заман өзгерді, көзқарас өзгерді, құндылықтар өзгерді. Бірақ өзгермеуі тиіс бір нәрсе бар болса, ол — ер азаматтың қадірі. Қазақ «Ер құласа, тау құлайды» деп бекер айтпаған. Өйткені ер адам — бір отбасының ғана емес, тұтас әулеттің, бүтін бір елдің тірегі. Жоқшылық пен тоқшылықтың арасында, қиындық пен қуаныштың арасында, сынақ пен сабырдың арасында жігіттің кім екені көрінеді. Еркек жанына батса да сырын сыртқа шығара бермейді. Қандай ауыртпалық келсе де отбасы үшін күреседі. Кейде оның үнсіз көтеріп жүрген жүгі көзге көрінбейді. Біздің Әкелеріміз қандай еді?! Көп сөйлемейтін. Бірақ ісімен үйрететін. Қас-қабағымен ұғындыратын. Отбасының амандығын бәрінен биік қоятын. Бізге адалдықтың, жауапкершіліктің, намыстың қандай болатынын көрсетіп кеткен де солар. Ал бүгін қасымызда жүрген сондай азаматтардың қадірін білуіміз керек деп ойлаймын. Өзімнің де ер азаматым осы әнді арнауға лайық жан.Отбасына ғана емес, Отанына адал қызмет етіп жүрген, ел мен ұрпақтың қамын ойлайтын азамат. @kydyrali_bolman  Осындай ерлеріміз көп болса екен деп тілеймін. Сондықтан ердің сағы сынбауы керек. Ердің рухы сынбауы керек. Көптен бері көкейімде жүрген осы ойды бүгінгі Әкелер күніне орай жаңа әнім арқылы жеткізгім келді. Қабыл алыңыздар!», — деп жазды ол.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика