Басты бет » Оралды тағы су басты: қалада жаңбыр суы ағатын арық жүйесі жоқ

Оралды тағы су басты: қалада жаңбыр суы ағатын арық жүйесі жоқ

Орал қаласында нөсер жауыннан кейін көшелерді су басып, тұрғындар әбден әуре-сарсаңға түсті. Желіде таралған бейнежазбада қала тұрғынының үйіне жету үшін тізеден келетін суды қалай кешіп бара жатқаны анық көрінеді, деп жазады Qazaqtoday.info. 

Мұндай көрініс кішігірім өзенді бойлап жүрген серуенді көз алдыңызға әкеледі. Алайда, оралдықтар бұл жағдайға да сабырмен әрі әзілмен қарауға тырысуда.

Пікір қалдырушылардың бірі «Шіркін, бәрібір Оралымды жақсы көремін» десе, екіншісі «Үйдің іргесінен су шықты, енді ешқайда шығудың қажеті жоқ» деп мысқылдайды.

Десе де, тұрғындардың басым бөлігі бұл мәселені қаладағы нөсер кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуімен байланыстырып отыр. Су тасқыны мәселесі жыл сайын қайталанса да, жергілікті билік әлі күнге дейін нақты шешім таба алмай келеді. Инфрақұрылымның әлсіздігі қарапайым халықтың күнделікті өмірін қиындатып жіберді. Қала билігі бұл жолы да мәселені елеусіз қалдыра ма, әлде нақты шара қолдана ма, оны уақыт көрсетеді.

Фото: видеодан скрин

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика