Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды • Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды • Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақыруды ұсынды • Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды • Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды • Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақыруды ұсынды •

    Қаза тапқандар бар: Филиппинде мектепте атыс болып, 20 адам жараланды

    Қаза тапқандар бар: Филиппинде мектепте атыс болып, 20 адам жараланды

    Фото: Синьхуа

    Филиппиннің орталық бөлігіндегі мектепте болған атыстан үш оқушы қаза тауып, кемінде 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Полицияның мәліметінше, тапаншамен қаруланған 14 және 15 жастағы екі оқушы дүйсенбі күні Таклобан қаласындағы San Jose National High School мектебінде оқ жаудырған. Күдіктілер ұсталды. Күдіктілер де, құрбандар да осы мектептің оқушылары болған.

    Полиция жараланған 20 адамның 15-і оқ жарақатын алғанын хабарлады. Олардың арасында басынан оқ тиген және ауруханада жатқан оқушы да бар. Қалғандары қауіптен қашып бара жатып, терезеден секіріп немесе құлап жарақат алған.

    1 500-ден астам оқушысы бар мемлекеттік мектептегі атыстың себептерін анықтау үшін тергеу басталды. Өңірлік полиция басшысы Джейсон Капойдың айтуынша, жақын дос болған екі күдікті алғашқы жауап алу кезінде мектепте буллингке ұшырағандарын айтқан.

    Олардың бұрын соттылығы болмаған. Күдіктілердің бірі шабуыл кезінде пайдаланған 9 мм тапаншаны полиция қызметкері болып жұмыс істейтін әпкесінен алған. Қазір оған қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр. Екінші күдікті 38 калибрлі револьвер қолданған. Джейсон Капойдың сөзінше, мектептің бірнеше кіреберісі мен шығаберісін бір ғана күзетші бақылағандықтан, олар қаруды мектеп аумағына оңай алып кірген.

    – Күдіктілер екі сыныпқа кірген. Бірінші сыныпта атыс басталғаннан кейін балалар жан-жаққа қашқан, ал күдіктілер кейбір құрбандарды екінші сыныпқа дейін қуған сияқты, – деді Джейсон Капой журналистерге.

    Оның айтуынша, қаза тапқандар мен жараланғандардың басым бөлігі қыз балалар болған. Полиция оқиға орнынан кемінде 40 оқ дәрісін тапқан.

    Әлеуметтік желілерде жарияланған видеолардың бірінде жабық сыныпта парталардың астына жасырынған оқушылардың айқайлап, жылаған дауыстары естіледі. Сырттан оқ атылған дыбыстар шыққан. Кейбір оқушылар аналарына телефон соққан. Басқа видеоларда қатты қорыққан оқушылардың мектеп аумағынан жаппай шығып бара жатқаны, бір-бірін құшақтап тұрғаны көрінеді.

    Күдіктілердің бірі шабуылдан кейін мектеп ішінде ұсталған. Ал екіншісі қашып кетіп, жақын маңдағы үйлердің біріне жасырынған жерінен қолға түскен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →