Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Өзінің бағы бар, соры бар»: Роза Әлқожа күтпеген жазба жариялады • Меккеде «әдепсіз әрекет жасааған» ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілді • Ұпаймен өлшенген отбасы: жәрдемақыны «цифрлық карта» арқылы бөлу кімге әділ, кімге қауіпті? • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • «Өзінің бағы бар, соры бар»: Роза Әлқожа күтпеген жазба жариялады • Меккеде «әдепсіз әрекет жасааған» ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілді • Ұпаймен өлшенген отбасы: жәрдемақыны «цифрлық карта» арқылы бөлу кімге әділ, кімге қауіпті? • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды •

    Павлодарда өз баласын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды

    Павлодарда өз баласын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды

    Фото: depositphotos.com

    Павлодарда өз баласын азаптап өлтірген әкеге ауыр жаза тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған баланы азаптау және өлтіру айыбы тағылған К.-ға қатысты қылмыстық істі қарап, оны айыпты деп тауып, өмір бойына соттады.

    Қайғылы оқиға 2025 жылдың қыркүйегінде болған. Сот материалдарына сәйкес, ер адам ұзақ уақыт бойы өз баласына жүйелі түрде дене жарақаттарын салып келген. Ал 2025 жылдың қыркүйегінде масаң күйде баланы аса қатыгездікпен өлтірген.

    «Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және қылмыстық істің өзге материалдарымен толық дәлелденді», – деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

    Мемлекеттік айыптаушысы сотталушыны қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Жәбірленуші тарап бес миллион теңге көлемінде моральдік шығын өндіру туралы талап қойған.  Сот үкімімен К. қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтеумен өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар жәбірленушінің бес миллион теңге көлеміндегі азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →