Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 $ 455,8 529,4 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Тоқаев көшпенділер ойындары барысын қадағалап отыр Ақтөбеде анасын пышақтаған жасөспірім мәжбүрлі емге жіберілді Англияда Дастан Сатпаевтің жарақатының сипаты айтылды ҰҚШҰ-ның «Шеп-2026» оқу-жаттығуы Жетісу облысында өтеді Президент көшпенділер ойынындағы қазақ спортшыларына сәттілік тіледі Қазақстанның жер қойнауы инвесторларға ашылады: алғашқы учаскелер 2027 жылы аукционға қойылады Президент Тоқаев көшпенділер ойындары барысын қадағалап отыр Ақтөбеде анасын пышақтаған жасөспірім мәжбүрлі емге жіберілді Англияда Дастан Сатпаевтің жарақатының сипаты айтылды ҰҚШҰ-ның «Шеп-2026» оқу-жаттығуы Жетісу облысында өтеді Президент көшпенділер ойынындағы қазақ спортшыларына сәттілік тіледі Қазақстанның жер қойнауы инвесторларға ашылады: алғашқы учаскелер 2027 жылы аукционға қойылады

    Қазавтожолдың қаперсіздігі: Көкшетаудағы жолдың сиқы сынға ұшырады

    Қазавтожолдың қаперсіздігі: Көкшетаудағы жолдың сиқы сынға ұшырады

    Фото: видео скриншот

    Әсіресе, Маяковский мен Лиза Чайкина көшелерінің қиылысындағы жолдың сиқы бүгінде атымен жоқ деуге болады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    «Осы шұңқырлардың кесірінен алты бірдей дөңгелегімді жарып алдым» деп налыған жүргізушілердің жанайқайын ресми орындар естігісі келмейтіндей. Ал жауын-шашын кезінде бұл маңайдағы ахуал тіпті ушыға түседі: су астында қалған ор-шұңқырлар көрінбей, жүргізушілер көліктерін көзсіз тәуекелмен айдауға мәжбүр. Жылдар бойы жөндеу көрмеген осы бір учаскеде жұрт дөңгелек пен аспалы бөлікті (подвеска) аман сақтау үшін күнделікті жанұшыра маневр жасайды.

    Ел ішіндегі жол сапасына тікелей жауапты Қазавтожол мекемесі мен құзырлы органдардың бұл бассыздыққа неліктен көз жұма қарап отырғаны үлкен сұрақ. Тұрғындардың шағымынан көз ашпаған азапты жолдың қашан толыққанды ретке келетіні әлі күнге дейін белгісіз қалып отыр. Әлеуметтік желіде наразылық білдірген бұқара бұл салғырттыққа тезірек нүкте қойылып, жауапты тұлғалардың жауапқа тартылуын талап етеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →