Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 2 тамыз 2026 $ 473,9 546,3 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Үйлену туралы өзім бастап айттым»: Алтынай Жорабаеваның қызы күтпеген мәлімдеме жасады Таиландта із-түзсіз жоғалған ағайындылар өлі табылды «Қолын сындырып, тепкілеген»: Алматы облысында 29 жастағы үш баланың анасы ажал құшты «Барлық жерде шашылып жатыр»: Семейде құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды Гүлзира Айдарбекова ағасының ауыр халі туралы сыр шертті Мақпал Жүнісова құдалық сәтінен фото-бейне жариялады «Үйлену туралы өзім бастап айттым»: Алтынай Жорабаеваның қызы күтпеген мәлімдеме жасады Таиландта із-түзсіз жоғалған ағайындылар өлі табылды «Қолын сындырып, тепкілеген»: Алматы облысында 29 жастағы үш баланың анасы ажал құшты «Барлық жерде шашылып жатыр»: Семейде құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды Гүлзира Айдарбекова ағасының ауыр халі туралы сыр шертті Мақпал Жүнісова құдалық сәтінен фото-бейне жариялады

    «Мектепке деген сағыныш ешқашан өзгермейді»: Димаш Құдайберген ұстаздарымен кездесті

    «Мектепке деген сағыныш ешқашан өзгермейді»: Димаш Құдайберген ұстаздарымен кездесті

    Коллаж: qazaqtoday

    Қазақстанның Халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбедегі өзі білім алған №32 мектеп-гимназиясына барып, ұстаздарымен кездесті, деп хабарлайды  Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында  әсерлі жазба жариялап, мектеп пен ұстазға деген құрметі ешқашан өзгермейтінін жеткізді.

    «Мектеп – балалықтың мекені, ал ұстаз – сол шақтың ең жарқын шамшырағы. Бүгін №32 мектеп-гимназиясына барып, мені тәрбиелеген ұстаздарыммен қауыштым. Уақыт өзгереді, адам өседі, бірақ ұстазға деген құрмет пен мектепке деген сағыныш ешқашан өзгермейді»,– деп жазды  әнші.

    Сондай-ақ әнші алдағы уақытта туған жерінде жаңа бейнебаян түсіру жоспары бар екенін айтып, жанкүйерлеріне тың шығармашылық жаңалықтар күтіп тұрғанын айтты. Оның айтуынша, жаңа туындысының түсірілімі туған жерінде болмақ.

    Жанкүйерлер әлеуметтік желіде өнер иесінің ұстаздарына деген құрметіне ризашылық білдіріп, жаңа бейнебаянды асыға күтетіндерін жазуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →