Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Ақмола облысында көлік қаққан екінші жұмысшы ауруханада көз жұмды • 1,2 млрд теңге шығын: Ақтөбенің жерін қазып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлердің былығы анықталды • Құрылтай делегациясы Душанбедегі Орталық Азия парламентаралық форумына қатысты • Құдай үйіндегі қылмыс: Алматыда намазханның мешіттен телефон ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Ақмола облысында көлік қаққан екінші жұмысшы ауруханада көз жұмды • 1,2 млрд теңге шығын: Ақтөбенің жерін қазып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлердің былығы анықталды • Құрылтай делегациясы Душанбедегі Орталық Азия парламентаралық форумына қатысты • Құдай үйіндегі қылмыс: Алматыда намазханның мешіттен телефон ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды •

    Ақтаудағы элиталы кешенде шу: халық жаңа құрылысқа қарсы

    Ақтаудағы элиталы кешенде шу: халық жаңа құрылысқа қарсы

    Фото: видеодан скрин

    Тұрғындар тағы да шулады. Бұл жолы қаланың орталығындағы ең танымал элиталы тұрғын үй кешендерінің бірі — «Грин Плаза» жұрты аяғынан тік тұрды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Кеше, 11 маусымда, ондаған ашулы тұрғын аулаға жиналып, құрылыс компаниясына қарсы наразылық білдірді. Мәселе мынада: шенеуніктер мен инвесторлар тұрғын үйдің дәл жанындағы титімдей жер теліміне тағы бір 15 қабатты зәулім үй тұрғызбақшы. Ол жерден қазіргі үйлердің бүкіл инженерлік желілері мен кәріз құбырлары өтіп жатыр. Көршілес жерде басталған алғашқы қазу жұмыстарының салдарынан 1200-ден астам пәтер жарықсыз қалып, құбырлар зақымдалған. Тұрғындар «бұл тонау мен заңсыздық тоқтамаса, ертең апат болады» деп дабыл қағуда. Халық құрылыстың заңдылығын тексеруді және құжаттардың ашық көрсетілуін талап етіп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →