Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ТүркПА отырысында ортақ Цифрлық кодекс әзірлеу ұсынылды • Алматы облысында көпір қирап жатыр: тұрғындар әкімдіктен жөндеуді талап етті • Өскеменнің ортасында көлік қоятын орын тапшы: жаңа тұрғын үйлер кептелісті күшейте ме? • «Динара Сәтжан емес!»: Жұмабек Жанықұл жүргізушіге дөрекі ескерту жасады • Қауіпсіздікке ортақ жауапкершілік: «Қазақмыс» басшылар мен өндіріс мамандарын бір алаңға жинады • Экономикалық шолушы Юрий Масанов Қазақстанға мыс өңдеудің жаңа ережелері не үшін қажет екенін түсіндірді • ТүркПА отырысында ортақ Цифрлық кодекс әзірлеу ұсынылды • Алматы облысында көпір қирап жатыр: тұрғындар әкімдіктен жөндеуді талап етті • Өскеменнің ортасында көлік қоятын орын тапшы: жаңа тұрғын үйлер кептелісті күшейте ме? • «Динара Сәтжан емес!»: Жұмабек Жанықұл жүргізушіге дөрекі ескерту жасады • Қауіпсіздікке ортақ жауапкершілік: «Қазақмыс» басшылар мен өндіріс мамандарын бір алаңға жинады • Экономикалық шолушы Юрий Масанов Қазақстанға мыс өңдеудің жаңа ережелері не үшін қажет екенін түсіндірді •

    Алматылық шенеуніктің қулығы: кәсіпкерлерден заңсыз 1,2 млрд теңге айыппұл өндірмек болған басшы жазаланды

    Алматылық шенеуніктің қулығы: кәсіпкерлерден заңсыз 1,2 млрд теңге айыппұл өндірмек болған басшы жазаланды

    Фото: istockphoto.com

    Алматыда Сәулет және қала құрылысы басқармасынан төрт күн ішінде жауап ала алмаған екі мыңнан астам кәсіпкер прокуратураға жүгініп, өз құқықтарын қорғаған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Алматы прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, кәсіпкерлер өз бизнесінің сыртқы жарнамасын ілу үшін осы басқармадан рұқсат сұраған.

    «Басқарманың лауазымды тұлғалары кәсіпкерлердің хабарламаларын қараудың заңнамада көзделген мерзімдерін жүйелі түрде бұзып, белгіленген 4 жұмыс күнінің орнына жауаптарды 6-15 жұмыс күнінде жіберіп отырғаны анықталды. Кейіннен Басқарма мемлекеттік кірістер органдарының алдында бизнес субъектілеріне жарнаманы «хабарламасыз» орналастырғаны үшін салықтың екі еселенген мөлшерлемесін қолдану туралы заңсыз бастама көтерген. Осылайша, әкімдіктің басқармасы 2 331 кәсіпкерден 1,2 миллиард теңге айыппұл өндіріп алмақ болған», — деп хабарлайды прокуратура.

    Кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында уәкілетті органдардың мекенжайына прокурорлық қадағалау актісі енді. Оны қарау нәтижесі бойынша бизнес субъектілерінің дербес шоттарындағы заңсыз есептелген сомалар азайған.

    «Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін Басқарма басшысының орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, өз кінәсін мойындап, тағайындалған айыппұлды толық көлемде төледі», — деп хабарлайды Алматы прокуратурасы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →