Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жалақысы айналасындағы дау басшылық деңгейінде талқыланды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында бұл шудың «жасанды» екенін меңзеді.
«Екі жақтың менеджерлері мәселені тым ушықтырып жіберген», — деді ведомство басшысы.
Қазіргі таңда кінәлі қызметкерлер әкімшілік жауаптылыққа тартылған, ал министр бұл мәселені түпкілікті жабылған деп есептейді.
