Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 2 тамыз 2026 $ 473,9 546,3 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Таиландта із-түзсіз жоғалған ағайындылар өлі табылды «Қолын сындырып, тепкілеген»: Алматы облысында 29 жастағы үш баланың анасы ажал құшты «Барлық жерде шашылып жатыр»: Семейде құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды Гүлзира Айдарбекова ағасының ауыр халі туралы сыр шертті Мақпал Жүнісова құдалық сәтінен фото-бейне жариялады Алихан Смаилов студенттер жатақханасындағы орын тапшылығын шешуді тапсырды Таиландта із-түзсіз жоғалған ағайындылар өлі табылды «Қолын сындырып, тепкілеген»: Алматы облысында 29 жастағы үш баланың анасы ажал құшты «Барлық жерде шашылып жатыр»: Семейде құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды Гүлзира Айдарбекова ағасының ауыр халі туралы сыр шертті Мақпал Жүнісова құдалық сәтінен фото-бейне жариялады Алихан Смаилов студенттер жатақханасындағы орын тапшылығын шешуді тапсырды

    «Ойнауға шыққан»: Қызылордада жоғалған 6 жастағы қыздың денесі табылды

    «Ойнауға шыққан»: Қызылордада жоғалған 6 жастағы қыздың денесі табылды

    Фото: Видеодан скрин

    Қызылорда облысында бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалып кеткен 6 жастағы Медина Мұратбекқызының денесі Әйтек су торабынан ағыспен төмен қарай 30 шақырым жерден табылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, қыз баланың денесі Сырдария өзенінен табылған. Құтқарушылар мәйітті су айдынынан шығарып алған.

    Еске салайық, Медина 5 маусым күні кешкі уақытта Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің жағалауына жақын орналасқан «Рисмаш» ауданындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Осыдан кейін өңірде ауқымды іздеу операциясы басталған еді.

    Іздеу жұмыстарына дрондар, қызметтік иттер, қайықтар мен сүңгуірлер тартылды. Мамандар өзен бойын, жағалауды және оған іргелес аумақтарды бірнеше тәулік бойы тексерді.

    Полицияның мәліметінше, Медина 5 маусым күні сағат 18:30 шамасында Сырдария өзенінің жағалауындағы бөгетке жақын орналасқан «Рисмаш» ауданындағы үйінен ойнауға шығып, қайта оралмаған.

    Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →