Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 20 қыркүйек 2026 $ 447,3 513,7 5,30
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алексей Луценко Азия ойындарында жекелей уақытқа жарыста алтын алды Алматы Қала күнінің алғашқы күнінде 500 мыңнан астам адам іс-шараларға қатысты Алматыда Қала күнінің алғашқы күніне 500 мыңнан астам адам қатысты Америкалық боксшы қазақ шапанымен рингке шығып, Головкинге құрмет көрсетті Қазгидромет: 14 өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, найзағай мен тұман күтіледі Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды Алексей Луценко Азия ойындарында жекелей уақытқа жарыста алтын алды Алматы Қала күнінің алғашқы күнінде 500 мыңнан астам адам іс-шараларға қатысты Алматыда Қала күнінің алғашқы күніне 500 мыңнан астам адам қатысты Америкалық боксшы қазақ шапанымен рингке шығып, Головкинге құрмет көрсетті Қазгидромет: 14 өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, найзағай мен тұман күтіледі Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

    «Бес баламның бағы шығар»: Мөлдір Мұқанова қуанышымен бөлісті

    «Бес баламның бағы шығар»: Мөлдір Мұқанова қуанышымен бөлісті

    Танымал продюсер, блогер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісіп, су жаңа көлік алғанын айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Өнер иесі бұл қуанышты сәтті ең алдымен бес баласының несібесі мен берекесі екенін атап айтты. Оның айтуынша, балалары өміріндегі ең үлкен қолдау мен күш-қуаттың көзіне айналған.

    «Бір кездері өзіме модель де, актер де, актриса да, стилист те, көмекші де, ақылшы да болатын балаларды дүниеге әкелгеніме әуелі Аллама, сосын өзіме ризамын. Осы 5 баламның бағы шығар, көлікті болдық. Құдай берем десе, бір-ақ күн жетеді екен», – деп жазды ол.

    Сондай-ақ Мөлдір Мұқанова енді жаңа көлігімен балаларын ертіп, жиі саяхаттауды көздеп отырғанын жеткізді.

    «Енді бесеуін салып алып, улап-шулап жақсы жерлерге барамыз. Көлігіміз біздің көрікті отбасымызға үйлесіп тұр ма? Біз үшін қуанып, құттықтап жатқан әрбір жанға мың алғыс», – деді блогер.

    Желі қолданушылары блогерді жаңа көлігімен құттықтап, отбасына амандық пен  береке тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →