Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінде 6:0 есебімен сет ұтып, 2009 жылғы рекордты қайталады • Төреғали Төреәлі көп әйел алу туралы әзілдеп пікір білдірді • Уимблдон чемпионы Рыбакинаның турнирден бас тартуы туралы пікір білдірді • Роза Рымбаева Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында жұбайларға арнап тілек айтты • Александр Жаровский: Канада визасы бар, МЧМ-2027-ге баруға дайынмын • Александра Ле Дохадағы әлем чемпионатының финалында жетінші орын алды • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінде 6:0 есебімен сет ұтып, 2009 жылғы рекордты қайталады • Төреғали Төреәлі көп әйел алу туралы әзілдеп пікір білдірді • Уимблдон чемпионы Рыбакинаның турнирден бас тартуы туралы пікір білдірді • Роза Рымбаева Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында жұбайларға арнап тілек айтты • Александр Жаровский: Канада визасы бар, МЧМ-2027-ге баруға дайынмын • Александра Ле Дохадағы әлем чемпионатының финалында жетінші орын алды •

    «Көкшетаулықтарды кім тонап жатыр?»: Жағалаудағы ашық құдық көлікті қиратты

    «Көкшетаулықтарды кім тонап жатыр?»: Жағалаудағы ашық құдық көлікті қиратты

    Көкшетаулық жүргізушілердің қалтасын қағатын «көрінбейтін майдан» қашан тоқтайды? Жауапты мекемелердің салғырттығынан қала көшелері жүргізушілер үшін кәдімгі қақпанға айналып бітті. Әсіресе, жауыннан кейін шалшық судың астында не жатқанын алдын ала болжау мүмкін емес, деп хабарлайды QazaqToday.info сайты.

    Кезекті соққы өткен түнде жағалау бойында, дәлірек айтсақ, Жүнісов көшесіне бұрылыста тіркелді. Бейқам келе жатқан көлік аяқ астынан оңбай соғылып, дөңгелегі жарылды, дискісі майысып, тірегі қирады. Таң ата тексергенде ғана белгілі болғандай, түндегі шалшықтың астында ашық-шашық жатқан кәріз құдығы жасырынып тұрған екен. Зақымдалған темір тұлпардың иесі су астындағы бұл тұзақты түнде көру мүлдем мүмкін болмағанын айтып ашынды.

    Ендігі сұрақ: жол үшін салық төлеп отырған халықтың шығынын кім өтейді? Әкімдік пен ТҮКШ (ГКХ) мамандары тағы қанша көліктің тас-талқаны шыққанын күтіп отыр? Жолдағы мына сорақылыққа нақты кім жауап беретінін талап етуге уақыт жетті.

    Видео @sinegor.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →