Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу ережесі өзгереді – Жеткіліктілік шегі қалай есептелмек?

    Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу ережесі өзгереді – Жеткіліктілік шегі қалай есептелмек?

    Фото: ratel.kz

    Елімізде зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын шешіп алуға қатысты шулы мәселе қайтадан күн тәртібіне шықты. Бұл жолы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеме жасап, жеткіліктілік шегін анықтаудың жаңа формуласы енгізіліп жатқанын жеткізді, деп хабарлайдыQazaqtoday.info сайты.

    Министрдің сөзінше, бұған дейін қолданылған есептеу әдісі түбегейлі өзгермек.

    «Бұл – ең төменгі жалақы, мәселен, ең төменгі зейнетақы мөлшері және тағысын тағылар. Енді жаңа формула енгізіледі, ол бес көрсеткіштен тұрады. Оның ішіне жылдық 9% кірістілік пайыздық мөлшерлемесі, ай сайынғы төлемнің жылдық индекстеу ставкасы және өзге де факторлар кіреді. Барлығы бес көрсеткіш бар», — деді ведомство басшысы.

    Министр заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жақын арада жаңа сандарды жариялайтынын айтты.

    Кімдердің шегі өзгереді? 20 жастан бастап 63 жасқа дейінгі азаматтардың барлығында жеткіліктілік шегі қайта есептеледі. Қашан дайын болады? БЖЗҚ өз есептеулерін 10 күн ішінде ресми сайттарында жариялап, тарата бастауы тиіс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →