Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мақпал Жүнісова марқұм күйеуіне ұқсайтын адамды кездестіргенін жазды • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінде 6:0 есебімен сет ұтып, 2009 жылғы рекордты қайталады • Төреғали Төреәлі көп әйел алу туралы әзілдеп пікір білдірді • Уимблдон чемпионы Рыбакинаның турнирден бас тартуы туралы пікір білдірді • Роза Рымбаева Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында жұбайларға арнап тілек айтты • Александр Жаровский: Канада визасы бар, МЧМ-2027-ге баруға дайынмын • Мақпал Жүнісова марқұм күйеуіне ұқсайтын адамды кездестіргенін жазды • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінде 6:0 есебімен сет ұтып, 2009 жылғы рекордты қайталады • Төреғали Төреәлі көп әйел алу туралы әзілдеп пікір білдірді • Уимблдон чемпионы Рыбакинаның турнирден бас тартуы туралы пікір білдірді • Роза Рымбаева Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында жұбайларға арнап тілек айтты • Александр Жаровский: Канада визасы бар, МЧМ-2027-ге баруға дайынмын •

    Ақмола облысында студент жансақтау бөліміне түсті

    Ақмола облысында студент жансақтау бөліміне түсті

    Фото: Pixabay

    Қазіргі уақытта науқас облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

    Дәрігерлердің алдын ала диагнозы бойынша, жасөспірім кене арқылы таралатын вирустық энцефалит жұқтырған болуы мүмкін.

    Жасөспірімді кене 16 мамыр күні шаққан. Алайда оның отбасы бірден медициналық көмекке жүгінбеген және бұл жағдай туралы мамандарға хабарламаған. Біраз уақыт өткен соң науқастың денсаулығы күрт нашарлай бастайды.

    Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жасөспірімнің санасы бұзылған. Қазір оған барлық қажетті тексерулер мен емдеу шаралары жүргізіліп жатыр.

     «Әдетте алғашқы белгілер 7-10 күн ішінде пайда болады. Кене энцефалитінің асқынуы өте қауіпті, өйткені вирус орталық жүйке жүйесін – ми мен жұлынды зақымдайды. Оның салдары қайтымсыз болуы мүмкін», – деді облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Ербол Жұмағалиев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →