Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 20 қыркүйек 2026 $ 447,3 513,7 5,30
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рината Сұлтанова Азия ойындарының алғашқы күнінде алтын медаль жеңіп алды Қазгидромет: 14 өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, найзағай мен тұман күтіледі Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды Астанада 24 алаяқ 8 жылдан түрме жазасын алды 20 қыркүйекте Алматы мен тағы бес қалада ауа райы қолайсыз болады Азия ойындары-2026: 20 қыркүйекте қазақстандық спортшылардың толық кестесі жарияланды Рината Сұлтанова Азия ойындарының алғашқы күнінде алтын медаль жеңіп алды Қазгидромет: 14 өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, найзағай мен тұман күтіледі Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды Астанада 24 алаяқ 8 жылдан түрме жазасын алды 20 қыркүйекте Алматы мен тағы бес қалада ауа райы қолайсыз болады Азия ойындары-2026: 20 қыркүйекте қазақстандық спортшылардың толық кестесі жарияланды

    «Сұлулық өмірден қымбат болды ғой»: Блогер Әсел Асқар оқырмандарын алаңдатып қойды (ВИДЕО)

    «Сұлулық өмірден қымбат болды ғой»: Блогер Әсел Асқар оқырмандарын алаңдатып қойды (ВИДЕО)

    Коллаж: qazaqtoday.info

    Белгілі блогер әрі актриса Әсел Асқар пластикалық ота жасатқанын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, хабарлайды  Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жариялаған бейнежазбада блогердің отадан кейін наркоз әсерінен толық ояна алмай жатқан сәті көрсетілген.

    «Бәрі артта қалды»,– деп жазды ол бейнежазбаның астына.

    Желі қолданушылары блогердің жағдайына алаңдаушылық білдіріп, тезірек сауығып кетуін тіледі.

    Пікір қалдырған оқырмандардың көп бөлігі пластикалық операциялардың қауіп-қатерін еске салып, мұндай шешімге аса жауапкершілікпен қарау керектігін айтты.

    Сондай-ақ көпшілік бұған дейін пластикалық ота кезінде қайтыс болған блогер Сәуле Базарханның оқиғасын мысалға келтіріп, оның тағдыры көпшілікке сабақ болуы тиіс екенін жазды.

    «Жазылып кетіңіз», «Пышаққа түсуге қалай қорықпайсыңдар?!»,«Осыдан қанша адам қайтыс болып жатыр ғой, ойлансаңдаршы», «Сұлулық өмірден қымбат болды ғой», «Біреу ауруына ем іздейді, біреу ауру іздейді», «Өткендегі жағдайдан сабақ алсаңдаршы», – деп пікір қалдырды оқырмандар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →