Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты •

    «Ордабасы» өз алаңында «Қайратты» 2:1 есебімен жеңді

    «Ордабасы» өз алаңында «Қайратты» 2:1 есебімен жеңді

    Фото: «Ордабасы» ФК баспасөз қызметі

    Осылайша шымкенттік клуб маңызды 3 ұпайды еншілеп, барлығы 28 ұпаймен турнирлік кестеде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпараттық порталы. 

    Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 12-туры «Ордабасы» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдап, тартысты өткен бәсекеде 2:1 есебімен жеңіске жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты. Ойынды алматылық ұжым белсенді бастады. Алғашқы минуттардан-ақ допқа үстемдік етіп 14-минутта есеп ашты.

    «Қайраттың» португалиялық шабуылшысы Жоржиньо қақпаны дәл көздеп, қонақтарды алға шығарды. Алайда алаң иелері тез ес жиды. Дер кезінде қорғаныстағы өз қателіктерін түсігіп, шабуылды үдетті. «Ордабасы» бірінші тайм аяқталғанша таразы басын теңестірді. 28-минутта клубтың камерундық қорғаушысы Ги-Марселин Килама мергендік танытып, есепті 1:1-ге жеткізді. Екінші таймда шымкенттік ұжымның үздіксіз шабуылдары 64-минутта жемісін берді. Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековті қапы қалдырып, маңызды голды соқты.

    Бұл «Қайрат» үшін осы маусымдағы алғашқы жеңіліс болды, бұған дейін алматылықтар 18 матч бойы жеңілмеген болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →