Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды 28 тамызға арналған доллар бағамы жарияланды Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО) Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды 28 тамызға арналған доллар бағамы жарияланды Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО)

    «700 млн доллар шығын»: Шымкенттегі инвесторлар полицияның қысымына шағымданды

    Шымкенттегі қытайлық инвесторлар жергілікті полицияны заңсыз қысым жасап, 700 млн доллар шығынға ұшыратты деп айыптап отыр. Олар жұмыс тоқтап қалуы мүмкін екенін ескертті.

    «700 млн доллар шығын»: Шымкенттегі инвесторлар полицияның қысымына шағымданды

    Шымкентте жұмыс істейтін қытайлық инвесторлар жергілікті полиция департаменті қызметкерлерінің заңсыз қысым жасағанын мәлімдеді. Кәсіпкерлердің айтуынша, құқық қорғау органдары зауыттың ондаған қытайлық маманын 15 күн бойы негізсіз ұстап, кәсіпорын жұмысын тоқтатуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Металл өндіру зауытының өкілі Кэ Сююннің сөзінше, полицияның заңсыз рейді салдарынан инвесторлар 700 миллион доллар көлемінде шығынға батқан, ал мемлекет бюджетіне 200 миллион доллар салық түспей қалған. Ол полицейлердің жұмысшыларды прокуратураның араласуынан кейін ғана босатып, төлқұжаттарын қайтарғанын атап өтті.

    Инвесторлар мамандар босатылғанымен, полиция тарапынан қысым әлі де тоқтамағанын алға тартады. Олар екі мемлекеттің келісімімен ашылған кәсіпорынға қатысты заңсыз тексерулердің жалғасып жатқанына алаңдаушылық білдіріп, биліктен араша сұрады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →