Павлодар облысындағы жол апаты: Lada мен Газель соқтығысып, екі адам мерт болды

Павлодар облысындағы жол апаты: Lada мен Газель соқтығысып, екі адам мерт болды

Сурет: azattyq-ruhy.kz

Павлодар облысында Lada Granta жеңіл көлігі мен Газ-33023 жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Аққулы ауданында болған, тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Шарбақты ауылының маңында тіркелген. Жеңіл көліктің жүргізушісі мен бір жолаушысы алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Зардап шеккен тағы бір адам медициналық мекемеге жатқызылды.

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен нақты себептері тергеу барысында анықталуда. Екі көлік те мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, әсіресе жылдамдық режимін қатаң сақтауды ескертеді. Сондай-ақ қозғалысы қарқынды жол учаскелерінде барынша абай болуға және көлік құралының техникалық жағдайын үнемі бақылауда ұстауға кеңес береді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика