«Қиын кезеңнен өттік»: адамдарды алдаудың шебері атанған Жанабыловтар ел алдына шықты (ВИДЕО)

Коллаж: Qazaqtoday.info

Ісімен елге танылған Жанабыловтар отбасы ұзақ үнсіздіктен кейін әлеуметтік желіге қайта оралды. Олар соңғы айларда қиын кезеңді бастан өткергенін айтты, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

«9 ай үнсіз болдық. 4 ай әлеуметтік желіде болмадық. Осы уақыт ішінде көп нәрсе өтті соттар, уайым, отбасымызбен бірге қиын кезеңнен өттік. Бірақ бүгін қайта оралып отырмыз. Жаңа күшпен, жаңа оймен», – деп жазды олар.

Сондай-ақ, отбасы осы уақыт бойы қолдау білдірген жандарға алғыс айтты.

«Осы уақыт бойы бізге жазған, күткен, қолдау көрсеткен жандардың бәріне үлкен рахмет. Сіздердің қолдауларыңыз бізге күш берді. Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет», – деді Жанабыловтар.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика