Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Сұлтан Сәрсемәлиевке сот үкімі шықты Жамбас сұрасаң, қабырға береді: Базардағы етке сүйек қосып сату айласына вице-министр де алданған Маусымдағы аптап ыстық Еуропада 10 мыңнан астам адамның өмірін қиды Анастасия Рыпакова Азия чемпионатында күміс алып, сәтсіздіктер сериясын тоқтатты Қарбызды қазірше жеуге болмайды: Ауыл шаруашылығы министрлігі себебін түсіндірді Грузияда Kyzdar.net сайтының халықаралық іздеудегі менеджері ұсталды Сұлтан Сәрсемәлиевке сот үкімі шықты Жамбас сұрасаң, қабырға береді: Базардағы етке сүйек қосып сату айласына вице-министр де алданған Маусымдағы аптап ыстық Еуропада 10 мыңнан астам адамның өмірін қиды Анастасия Рыпакова Азия чемпионатында күміс алып, сәтсіздіктер сериясын тоқтатты Қарбызды қазірше жеуге болмайды: Ауыл шаруашылығы министрлігі себебін түсіндірді Грузияда Kyzdar.net сайтының халықаралық іздеудегі менеджері ұсталды

Құлсарыдағы сорақылық: бір топ оқушы екі баланы аяусыз соққыға жыққан

Құлсарыдағы сорақылық: бір топ оқушы екі баланы аяусыз соққыға жыққан

Әлеуметтік желіде Құлсары қаласында бірнеше оқушының екі баланы жерге құлатып, бас-көзге демей тепкілеп жатқан сұмдық видеосы тарады. Қатарластарының бұл қатыгездігі мен тасжүректігі көпшіліктің ашу-ызасын тудырып отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

Ресми мәліметке сүйенсек, бұл оқиға осы жылдың сәуір айында болған. Құқық бұзушылыққа қатысы бар 13–14 жастағы жасөспірімдердің барлығы анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынды. Ал олардың ата-аналары бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Барлық жиналған материалдар арнайы комиссияға жолданды. Осы орайда «баламыз кіммен жүр, не істеп жүр?» деген сұрақ әр шаңырақта белең алуы тиіс сияқты.
Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті хабарлады.

Фото: egemen.kz

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →