Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс мұнай бағасын 11 пайызға өсірді «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс мұнай бағасын 11 пайызға өсірді

Ақтаудың бас сәулетшісіне ірі көлемде айыппұл салынды

Ақтаудың бас сәулетшісіне ірі көлемде айыппұл салынды
Фото: Pixabay

Ақтауда рұқсатсыз қоқыс үйіндісінің анықталуына байланысты Маңғыстау облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айдос Хамиев әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

Маңғыстау облыстық экология департаментінің мәліметінше, ведомствоға Ақтау қаласы аумағында қалдықтарды заңсыз орналастыру дерегі бойынша Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының ұсынысы түскен. Тексеру барысында жер телімі облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының балансында екені анықталған.

-Осы дерек бойынша 2026 жылдың 16 наурызында басқарма басшысына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 344-бабының 2-1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Іс материалдары Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне жолданған. Кейін комитет Айдос Хамиевті әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарды. Айыппұл көлемі 200 айлық есептік көрсеткішті құрап, 865 мың теңге болып белгіленген, — делінген хабарламада.

Алайда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айдос Хамиев экологтардың қорытындысымен толық келіспейтінін айтты. Қазіргі уақытта іс шағымдану сатысында, түпкілікті құқықтық баға әлі берілмеген.

Оның сөзінше, қаланың санитарлық тазалығына жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық қызметтер жауапты.

-Ақтау қаласының санитарлық тазалығын ұйымдастыруды қала әкімдігі коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдар арқылы жүзеге асырады. Бұл жұмыс жергілікті басқару туралы заңнама, Экологиялық кодекс және абаттандыру қағидалары негізінде жүргізіледі. Ал Маңғыстау облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Ақтау әкімдігінің құрамына кірмейді және қала аумағын санитарлық тазалаумен айналысуға өкілетті емес, — дейді облыстың бас сәулетшісі.

 

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →