Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Ақтөбе облысындағы шахтада 24 жастағы жұмысшы ажал құшты • Шекарадағы кептеліс қашан бітеді? Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәселе Мәжілісте көтерілді • Өзбекстанға өтетіндер көбеймек: «Жібек жолы» бекеті тәулігіне 70 мың адам қабылдайды • Бір орталық – төрт бағыт: «Қазақмыс» өндірісті цифрлық басқаруға көшті • «Көргенсіз, ұятсыз»: Қайрат Нұртас тыңдарманына ренжіді • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Ақтөбе облысындағы шахтада 24 жастағы жұмысшы ажал құшты • Шекарадағы кептеліс қашан бітеді? Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәселе Мәжілісте көтерілді • Өзбекстанға өтетіндер көбеймек: «Жібек жолы» бекеті тәулігіне 70 мың адам қабылдайды • Бір орталық – төрт бағыт: «Қазақмыс» өндірісті цифрлық басқаруға көшті • «Көргенсіз, ұятсыз»: Қайрат Нұртас тыңдарманына ренжіді •

    WhatsApp арқылы таратылған схемаға 400-ге жуық адам алданған: “ENVIDA AI” ісі тергеліп жатыр

    WhatsApp арқылы таратылған схемаға 400-ге жуық адам алданған: “ENVIDA AI” ісі тергеліп жатыр

    Фото: ҚР ҚМА

    Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Жамбыл облысы бойынша департаменті “ENVIDA AI” қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Тергеу мәліметінше, ұйымдастырушылар WhatsApp мессенджері арқылы “Envida ai ежедневный пассивный доход” және “Envida ai супер новый проект ежедневный пассивный доход” атауымен топтар құрып, азаматтарға тұрақты жоғары табыс уәде еткен.

    Жобаның маркетингтік жүйесі көпдеңгейлі құрылымға негізделген болып, негізгі табыс жаңа қатысушылар есебінен қалыптасқаны анықталған. Сонымен қатар жоба өзін нақты инвестициялық активтерге қаржы салатын халықаралық экожүйе ретінде таныстырған. Нәтижесінде бұл жобаға 370-тен астам салымшы тартылған.

    Қатысушылар еліміздің алты өңірінен тіркелген: Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары және Алматы қаласы. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.

    Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →