Мейрамханадағы ит еті: дауға ветеринариялық қызмет араласты

Коллаж: el.kz

Әлеуметтік желілер мен жекелеген БАҚ-та Астана қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарына ит еті жеткізіліп, одан дайындалған тамақ  сатылып жатқаны туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы Астана қалалық ветеринариялық қызметі мәлім етті, деп хабарлайды 24KZ-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

Ведомствоның хабарлауынша, тараған мәліметтер 2023 жылы Ақмола облысында жануар тектес өнімдердің заңсыз айналымына қатысты анықталған оқиғаға байланысты. Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, іс сотта қаралған.

Кінәлі тұлға заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта елордадағы қоғамдық тамақтану орындарында мұндай өнімнің жеткізілуі, сатылуы немесе пайдаланылуы ресми түрде расталмаған.

Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, Астанада жануар тектес өнімдерге тұрақты санитариялық-ветеринариялық бақылау жүргізіледі. Азық-түлік қауіпсіздігі талаптары қатаң қадағаланып, жеткізушілер мен ілеспе құжаттар жүйелі түрде тексеріледі. Ведомство азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика