Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бес автокөлік тігіледі»: Президент Тоқаев Тоқтар Әубәкіровты мерейтойымен құттықтады Екібастұзда сұмдық жағдай: Қоқыс жәшігінен әйелдің бөлшектелген денесі табылды Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады «Дерт меңдеп кетті»: Серікзат Дүйсенғазы әкесінің денсаулығы сыр бергенін айтты Астанада автосалон менеджері клиенттеріне қиянат жасап, көліктерін сатып жіберген Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы алғашқы ірі жекпе-жегін өткізуі мүмкін «Бес автокөлік тігіледі»: Президент Тоқаев Тоқтар Әубәкіровты мерейтойымен құттықтады Екібастұзда сұмдық жағдай: Қоқыс жәшігінен әйелдің бөлшектелген денесі табылды Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады «Дерт меңдеп кетті»: Серікзат Дүйсенғазы әкесінің денсаулығы сыр бергенін айтты Астанада автосалон менеджері клиенттеріне қиянат жасап, көліктерін сатып жіберген Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы алғашқы ірі жекпе-жегін өткізуі мүмкін

    Украина мен Ресей өкілдері Түркияда жүзбе-жүз кездеседі

    Украина мен Ресей өкілдері 28 наурыз бен 30 наурыз аралығында Түркияда жүзбе-жүз кездеседі. Бұл ақпаратты Киев өкілі Давид Арахамия таратты, Мәскеу өкілі Владимир Мединский де растады.

    Екі тарап Түркияда кездесуге кеше уағдаласқан. Бұл туралы Азаттық жазды.

    Түркия президенті Реджеп Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің келіссөзді Стамбулда өткізуге мақұлдасқаны кейіннен белгілі болды. Мұны түрік президентінің кеңсесі хабарлады. «Әңгіме кезінде президент Ердоған жанжалды тоқтатып, Ресей мен Украина арасында тезірек бітім жасау керектігін айтты»,- дейді Анкара мәлімдемесінде.

    Украина мен Ресей өкілдері алғаш рет Беларусь жерінде жүзбе-жүз кездескен. Онан кейінгі кездесулерде де екі жақ мәмілеге келе алмаған.

    24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен Ресей әскері Украинаға басып кірген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →