Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Ағашқа соғылған: Алматы облысында Ан-2 ұшағы тауда апатқа ұшырай жаздады

    Ағашқа соғылған: Алматы облысында Ан-2 ұшағы тауда апатқа ұшырай жаздады

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Алматы облысының таулы аумағында Ан-2 ұшағы шұғыл қону кезінде зақымданды, деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info порталы. 

    Әлеуметтік желіде тараған видеода әуе кемесінің тау баурайындағы ағаштар мен бұталардың арасына қонғаны көрінеді. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Талдыбұлақ – Қаракемер аумағында болған. Аталған маңда әуежай жоқ. Көлік министрлігі әуе кемесіне қатысты авиациялық оқиға тіркелгенін растады. Ведомство мәліметінше, UP-A0091 тіркеу нөмірлі Ан-2 ұшағымен болған жағдай адам шығыны жоқ авиациялық оқиға ретінде есепке алынған.

    «Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеу қағидаларына сәйкес оқиға Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің бақылауына алынды», – деп хабарлады министрлік өкілдері.

    Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жұмыстарына департамент қызметкерлері жіберілген. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →