Ақтауда полиция көлігі бала қағып өлтірді

Ақтауда полиция көлігі бала қағып өлтірді

Сурет: kaztag.kz

Ақтау қаласында полицияның қызметтік көлігі баланы қағып кетті, салдарынан кәмелетке толмаған бала оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы оқиға 13 мамыр күні 27-шағын ауданда болған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қызметтік көліктің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған. Ведомство марқұм болған баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика