Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен ойнайды • Тоқаев қазақ тілі орфографиясын келесі жылдың соңына дейін ретке келтіруді тапсырды • Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент • Тоқаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X съезінде сөз сөйледі • Димаш Құдайбергеннің мексикалық жанкүйерлері тосынсый жасады • Монтеррейде Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды • Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен ойнайды • Тоқаев қазақ тілі орфографиясын келесі жылдың соңына дейін ретке келтіруді тапсырды • Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент • Тоқаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X съезінде сөз сөйледі • Димаш Құдайбергеннің мексикалық жанкүйерлері тосынсый жасады • Монтеррейде Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды •

    ШҚО-дағы шахтада жұмысшы қаза тапты

    ШҚО-дағы шахтада жұмысшы қаза тапты

    Фото: Pixabay

    Шығыс Қазақстан облысында «Востокцветмет» ЖШС-ге қарасты Артемьев шахтасында жазатайым оқиға болып, жұмысшы көз жұмды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. 

    Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 9 мамыр күні жөндеу жұмыстары кезінде болған.

    Шаң-сору және желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, көз жұмды, — деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

    Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Компания қаза болған қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі, — деп мәлімдеді «Востокцветмет» ЖШС өкілдері.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →