Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен ойнайды • Тоқаев қазақ тілі орфографиясын келесі жылдың соңына дейін ретке келтіруді тапсырды • Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент • Тоқаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X съезінде сөз сөйледі • Димаш Құдайбергеннің мексикалық жанкүйерлері тосынсый жасады • Монтеррейде Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды • Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен ойнайды • Тоқаев қазақ тілі орфографиясын келесі жылдың соңына дейін ретке келтіруді тапсырды • Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент • Тоқаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X съезінде сөз сөйледі • Димаш Құдайбергеннің мексикалық жанкүйерлері тосынсый жасады • Монтеррейде Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды •

    «Өзі де білмей қалды»: Асанәлі Әшімовтің жұбайы актердің соңғы сәтін есіне алды

    «Өзі де білмей қалды»: Асанәлі Әшімовтің жұбайы актердің соңғы сәтін есіне алды

    Коллаж: QazaqToday.info  

    Халық әртісі, қазақ киносының аңызы Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова актердің өмірінің соңғы сәтіндегі естелікпен бөлісті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. 

    Жұбайының сөзінше, актердің өмірден өтер сәтінде қасында болып, екеуі сөйлесіп отырған.

    «Үш минут. Соңғы үш минутқа дейін сөйлеп, «Белім ауырып тұр. Кеудеме ауру өтіп тұр. Жатайыншы» деді. Жатқыздым. «Басымды көтерші» деді. Басын көтердім. «Тағы көтерші» деді. Тағы көтердім. Болды. Көзін жұма салды. Өзі де білмей қалды, кетіп қалатынын. Ойлаған жоқ. Жасанды демалдыру, жүрек массажы бәрін жасадым”, – деді Бағдат Әшімова.

    Еске сала кетейік, кино және театр актері, режиссер, педагог, профессор, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов 2025 жылы желтоқсанда 88 жасында дүние салды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →