Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді • Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен ойнайды • Тоқаев қазақ тілі орфографиясын келесі жылдың соңына дейін ретке келтіруді тапсырды • Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент • Тоқаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X съезінде сөз сөйледі • Димаш Құдайбергеннің мексикалық жанкүйерлері тосынсый жасады • Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді • Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен ойнайды • Тоқаев қазақ тілі орфографиясын келесі жылдың соңына дейін ретке келтіруді тапсырды • Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент • Тоқаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X съезінде сөз сөйледі • Димаш Құдайбергеннің мексикалық жанкүйерлері тосынсый жасады •

    Кепілсіз кредит беру көбейе ме? «Бәйтерек» банктердің тәуекелін өз мойнына алмақ

    Кепілсіз кредит беру көбейе ме? «Бәйтерек» банктердің тәуекелін өз мойнына алмақ

    Фото: kursiv.media

    “Бәйтерек” холдингі енді кәсіпкерлерге берілетін несиелер бойынша банктерге кепіл болуды күшейтеді. Яғни бизнес иелерінің мүлкі жетпей жатса да, екінші деңгейлі банктер кредит беруі мүмкін. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Холдинг басшысы Рустам Қарағойшиннің айтуынша, жаңа өзгеріс “Өрлеу”, “Іскер Аймақ” және “Өрлеу Лизинг” бағдарламалары аясында жүзеге асады. Мақсат – шағын және орта бизнеске қаржыны қолжетімді ету.

    Оның сөзінше, қазір әр банк кепілзатқа әртүрлі талап қояды. Сондықтан кәсіпкерлердің көбі несие ала алмай жүр. Осы мәселені жеңілдету үшін “Бәйтерек” банктерге кәсіпкер үшін кепілдік береді.

    “Кей жағдайда банктерге кәсіпкер үшін 85 пайызға дейін кепілдік береміз. Қаржыландыру көлемі 7 миллиард теңгеге дейін жетеді”, – деді холдинг төрағасы.

    Яғни кәсіпкердің кепілге қоятын мүлкі аз болса да, мемлекет қолдайтын бағдарламалар арқылы несие алу мүмкіндігі артуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →