Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Бақытжан Базарбек әдепсіз әрекетке барған депутаттарды жазалау керегін айтты

    Бақытжан Базарбек әдепсіз әрекетке барған депутаттарды жазалау керегін айтты
    Фото: ҚР Мәжіліс баспасөз қызметі

    Бақытжан Базарбек депутаттардың әдеп нормаларын бұзуына қатысты жауапкершілікті күшейту қажет екенін айтты. Оның сөзінше, депутаттың этикаға сай келмейтін әрекеті міндетті түрде нақты шаралармен реттелуі керек. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Депутат бұл нормаларды Конституцияға енгізу міндетті емес екенін жеткізді. Айтуынша, мұндай мәселелерді Құрылтай немесе парламент регламенті аясында қарастыруға болады. Қазір Мәжіліс өз регламентімен жұмыс істеп отыр, ал болашақта Құрылтай форматына сай жаңа ережелер қабылдануы мүмкін.

    Бақытжан Базарбек алдағы уақытта депутаттарды жауапкершілікке тартудың қосымша тетіктері пайда болуы ықтимал екенін де жасырмады. Әсіресе мүдделер қақтығысы мен әдепке қайшы әрекеттерге қатысты талаптарды күшейтуді қолдайтынын айтты.

    Оның пікірінше, халық сенімін арқалап отырған депутаттар қоғам алдында жауапкершілікті терең сезінуі керек. Сондықтан депутаттық этика тек сөз жүзінде емес, нақты жауапкершілікпен бекітілуі қажет.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →