Қамшыбек Қоңқабаев 4 жылдық үзілістен соң қайта рингке оралмақ

Сол кезде қызылордалық боксшы өзбекстандық Фаррух Джураевты техникалық нокаутпен жеңген еді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қамшыбек Қоңқабаевтың кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегі 9 мамыр күні Черногорияның Никшич қаласында ұйымдастырылады.

BoxRec.com сайты аса ауыр салмақта жұдырықтасатын отандасымыздың қарсыласы венесуэлалық Йонни Молина екенін жазады. 48 жастағы боксшы еншісіне 15 жеңіс, 15 жеңіліс және бір тең нәтиже жазған. Алты раундқа жоспарланған айқас аса ауыр салмақ дәрежесінде өтеді.

Жаза кеткен жөн, осыған дейін Қамшыбек Қоңқабаев 24 мамыр күні Англияның Болтон қаласындағы бокс кешінде шаршы алаңға шығуы тиіс болатын. Десе де, артынша оның жоспары өзгеріп сала берді.

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуіне 4 жыл бұрын, яғни 2022 жылдың наурыз айында Алматы қаласында шықты. Сол жекпе-жекте боксшы өзбекстандық Фаррух Джураевты техникалық нокаутпен жеңіп, мерейін үстем етті.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика