Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев тіл мәселесінде арандатушылық жасағандар жауапқа тартылады деп ескертті • Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді • Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен ойнайды • Тоқаев қазақ тілі орфографиясын келесі жылдың соңына дейін ретке келтіруді тапсырды • Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент • Тоқаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X съезінде сөз сөйледі • Тоқаев тіл мәселесінде арандатушылық жасағандар жауапқа тартылады деп ескертті • Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді • Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен ойнайды • Тоқаев қазақ тілі орфографиясын келесі жылдың соңына дейін ретке келтіруді тапсырды • Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент • Тоқаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X съезінде сөз сөйледі •

    «Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылыстан екі адам қаза болып, бесеуі зардап шекті

    «Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылыстан екі адам қаза болып, бесеуі зардап шекті

    Фото: ТЖМ

    Өскемен қаласында «Қазцинк» ЖШС-да болған жарылыс салдарынан екі адам көз жұмып, бес адам жарақат алды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін таңертең өндірістік жұмыс барысында болған.

    — Түтінсорғышты тазалау барысында жарылыс болып, артынша өрт шығып, конструкциялардың бір бөлігі опырылды. Оқиға салдарынан екі жұмысшы қаза болып, бес адам зардап шекті. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, — делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта сол жерде жедел қызметтер өз жұмыстарын жалғастырып, апат салдарын жою шараларын жүргізіп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

    «Қазцинк» компаниясы марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендерге қолдау көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді.

    — Қаза болғандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі, оның ішінде материалдық және психологиялық қолдау да болады, — делінген ақпаратта.

    Сонымен қатар қоршаған ортаға ықтимал әсерге де бағалау жүргізіледі.

    — Алдын ала мәліметтер бойынша, шаңның таралуы тіркелген, бірақ рұқсат етілген нормадан асу және қауіпті ластаушы заттардың бөлінуі анықталған жоқ, — делінген мәліметте.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →