Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты • Жетісу облысында 11 жастағы қызды экскаватор басып, қаза тапты • Жайдарманнан мәслихатқа дейін: Белгілі жайдарманшы депутаттыққа үміткер атанды • Шымкентте күрес шеберін ұрлап өлтірген алты адам сотталды • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты • Жетісу облысында 11 жастағы қызды экскаватор басып, қаза тапты • Жайдарманнан мәслихатқа дейін: Белгілі жайдарманшы депутаттыққа үміткер атанды • Шымкентте күрес шеберін ұрлап өлтірген алты адам сотталды •

    «Артыңа ағаш тығайық па?»: Ақмола облысында бірнеше бала 1-сынып оқушысын ұрып-соққан

    «Артыңа ағаш тығайық па?»: Ақмола облысында бірнеше бала 1-сынып оқушысын ұрып-соққан

    Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы нақтыланып, тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Әлеуметтік желілерде Ақмола облысына қарасты мектептің 5-сынып оқушылары өздерінен кішкентай баланы жабылып, ұрып-соғып кеткені туралы дерек тарады.

    Зардап шеккен баланың анасы ұлының досымен бірге велосипед тебуге кеткенін айтады.

    – 2 мамыр күні ұлым досымен бірге велосипед тебуге шыққан еді. Сол кезде оны бірнеше бала ұстап алып, ұрып-соға бастаған. Олар: «Қане, таңда, не істейміз? Телефоныңды аламыз ба, әлде велосипедіңді ме? Немесе артқы жағыңа ағаш тығайық па?» деп қоқан-лоқы көрсеткен. Кейін оны велосипедпен қуып жетіп, соғып кеткен. Соның салдарынан балам басын жиектасқа соғып алды. Келесі күні ұлымның аяғы мен басы ауырған соң, рентгенге түсіру үшін ауруханаға апардым. Аллаға шүкір, бәрі аман, бірақ аяқтары көгерген және тізесі қатты ауырып тұр, – дейді қатты ашу қысқан анасы.

    Ақмола облысының Полиция департаменті жаға ұстатарлық оқиғаға қатыстылардың кім екені анықталғанын хабарлады.

    – Аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаның жеке басы анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады, – делінген ПД хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →