Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды • Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьті 5:4 есебімен жеңді • Құрылтайда ЕҚЫҰ ПА климаттық және демографиялық қауіпсіздікті талқылады • Тоқаев 28 қазанда халыққа жолдау жасайды • Тоқаев Бас прокурорды қабылдап, құқықтық тәртіпті нығайтуды тапсырды • Үштөбеде «Таза Қазақстан» аясында жаңартылған саябақ ашылды • Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды • Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьті 5:4 есебімен жеңді • Құрылтайда ЕҚЫҰ ПА климаттық және демографиялық қауіпсіздікті талқылады • Тоқаев 28 қазанда халыққа жолдау жасайды • Тоқаев Бас прокурорды қабылдап, құқықтық тәртіпті нығайтуды тапсырды • Үштөбеде «Таза Қазақстан» аясында жаңартылған саябақ ашылды •

    Тоқаев мереке күндері өзіне сыйға тартылған тұлпарларды көріп қайтты

    Тоқаев мереке күндері өзіне сыйға тартылған тұлпарларды көріп қайтты

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айындағы демалыс күндерін өзіне сыйға тартылған тұлпарларға уақыт бөлуге арнады. Президент Instagram парақшасында Ақорданың атқорасына барып, ақалтеке және араб сәйгүліктерін тамашалаған сәтінен фото-видео жариялады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев атқорадағы сәйгүліктердің ерекшеліктеріне тоқталып, оларға қойылған есімдердің мәнін түсіндірді.

    Ақжан — осыдан бір жыл бұрын президент есімін қойған ақалтеке тұқымды құлын. Мемлекет басшысы оның бойының биіктігін, мойнының әсемдігі мен таза жанарын ерекше атап өтіп, нағыз текті жануарға тән қасиеттерін сипаттады. Ал Ақниет — бірнеше ай бұрын қосылған боз түсті құлын. Мамандар бұл сәйгүліктің болашағы зор екенін және халықаралық жарыстарда топ жара алатынын айтуда.

    Сонымен қатар, президенттің атқорасында жақында ғана Катар мемлекеті сыйға тартқан араб сәйгүліктері де бапталуда.

    Президент бос уақытында тұлпарларды өз қолымен тамақтандыруды ұнататынын жеткізді. Ол қазақ халқының жылқы баласын ежелден қастерлегенін атап өтіп, бұл құндылықты дәріптеудің маңыздылығына тоқталды.

    «Қазақ халқы жылқы түлігін «Ер қанаты- ат» деп ерекше қадір тұтқан. Ел ішінде жылқының қасиетін дәріптеп, ат спортын дамытуға айрықша мән беруіміз керек», — деп түйіндеді президент.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →