Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев 14 азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады • «4,5 пайыздық өсімнен де маңызды мәселе бар»: экономист Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді түсіндірді • Тоқаев Жарлығымен тіл мен мәдениет қайраткерлері марапатталды • Жетісу облысында жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды • Тоқаев тіл мәселесінде арандатушылық жасағандар жауапқа тартылады деп ескертті • Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді • Тоқаев 14 азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады • «4,5 пайыздық өсімнен де маңызды мәселе бар»: экономист Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді түсіндірді • Тоқаев Жарлығымен тіл мен мәдениет қайраткерлері марапатталды • Жетісу облысында жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды • Тоқаев тіл мәселесінде арандатушылық жасағандар жауапқа тартылады деп ескертті • Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді •

    Берлинде қазақстандық ұсталды: ол Ресей барлауымен байланыста болған

    Германияда Қазақстан азаматы Ресей барлауына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды. ҚР Сыртқы істер министрлігі ресми сауал жолдады.

    Берлинде қазақстандық ұсталды: ол Ресей барлауымен байланыста болған
    file_878.jpg

    Германияда Қазақстан азаматы Ресейдің арнайы қызметіне тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл туралы алғаш болып беделді неміс басылымы Spiegel хабарлады. Басылым Германия прокуратурасына сілтеме жасай отырып, тергеу отандасымызды Ресей барлауының байланысшысы деп санайтынын жазды. Күдікті 28 сәуірде Берлин қаласында қамауға алынған.

    Осы ақпаратқа байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады.

    «Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан азаматының Германия Федеративтік Республикасында заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпараттың пайда болуына байланысты Германияның құзыретті органдарына ресми сауал жолданды. Қазіргі уақытта жауап күтілуде», — делінген СІМ хабарламасында.

    Министрлік бұл мәселенің тікелей бақылауда екенін атап өтті.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →