Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев 14 азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады • «4,5 пайыздық өсімнен де маңызды мәселе бар»: экономист Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді түсіндірді • Тоқаев Жарлығымен тіл мен мәдениет қайраткерлері марапатталды • Жетісу облысында жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды • Тоқаев тіл мәселесінде арандатушылық жасағандар жауапқа тартылады деп ескертті • Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді • Тоқаев 14 азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады • «4,5 пайыздық өсімнен де маңызды мәселе бар»: экономист Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді түсіндірді • Тоқаев Жарлығымен тіл мен мәдениет қайраткерлері марапатталды • Жетісу облысында жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды • Тоқаев тіл мәселесінде арандатушылық жасағандар жауапқа тартылады деп ескертті • Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді •

    Қызылордада мекеме жетекшісі жас келіншектің баласын 50-дегі әйелге сатпақ болған

    Қызылордада мекеме жетекшісі жас келіншектің баласын 50-дегі әйелге сатпақ болған

    Фото: видеодан скрин

    Ішкі істер министрлігі сәуір айында Қазақстан бойынша адам саудасына қарсы  «STOP трафик» науқанын өткізген. Соның аясында бір айда адам саудасына қатысты 41 қылмыс тіркеліп, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 9 дерек анықталған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. 

    Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс Қызылорда облысында жаңа туған сәбиін сатқан әйелге қатысты оқиғаны айтып берді.

    «Қызылорда облысында жаңа туған сәбиді сату схемасы әшкереленді. Анықталғандай, 25 жастағы әйел бала туғанға дейін және туғаннан кейін мамандандырылған қоғамдық қордың ғимаратында өмір сүрген.  Баласынан бас тартқысы келетінін білген сол қордың жетекшісі делдал ретінде әрекет етіп, сәбиді асырап алу мақсатында облыстың 50 жастағы тұрғынына бір миллион теңгеге сатуды ұсынған. Үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды», — дейді ол.

    Айта кетейік, бұған дейін ІІМ жастарды азғындыққа тартқан ЛГБТ өкілдерін қолға түсірген еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →