Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев 14 азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады • «4,5 пайыздық өсімнен де маңызды мәселе бар»: экономист Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді түсіндірді • Тоқаев Жарлығымен тіл мен мәдениет қайраткерлері марапатталды • Жетісу облысында жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды • Тоқаев тіл мәселесінде арандатушылық жасағандар жауапқа тартылады деп ескертті • Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді • Тоқаев 14 азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады • «4,5 пайыздық өсімнен де маңызды мәселе бар»: экономист Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді түсіндірді • Тоқаев Жарлығымен тіл мен мәдениет қайраткерлері марапатталды • Жетісу облысында жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды • Тоқаев тіл мәселесінде арандатушылық жасағандар жауапқа тартылады деп ескертті • Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді •

    Түркістанда 9 айлық сәби ине жұтып қойды

    Түркістанда 9 айлық сәби ине жұтып қойды

    Фото: Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы

    Түркістан облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметі арқылы 9 айлық сәби шұғыл түрде жеткізілді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    «Белгілі болғандай, сәби абайсызда ине жұтып қойған. Тез арада аурухана мамандары – хирург Темірбеков Мұхагали және эндоскопист Ырысқұлов Бабыр эндоскопиялық әдісті қолдана отырып, рентгенологиялық тексеру жүргізді. Нәтижесінде бөгде заттың нақты орналасқан орнын анықтап, өңеште тұрып қалған бөгде затты сәтті түрде алып шықты», – деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Медициналық көмек жедел әрі кәсіби көрсетілуінің нәтижесінде ықтимал асқынулардың алдын алу жұмыстары сәтті аяқталды.

    Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Сәби дәрігерлердің бақылауында болып, үйіне шығарылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →