Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Путин, Жапаров, Әлиев, Мирзиёев және Рахмонға алғыс айтты «Ішім өртеніп барады»: Гүлзира Айдарбекова жылап жүрген видеосы тарады «Кешке көшеге шығуға қорқамыз»: Ақтөбе облысында ауылды жабайы аңдар торуылдап жүр Үндістан жағалауында кеме апатқа ұшырап, 22 теңізші жоғалып кетті Мемлекет басшысы Украина Президентін құттықтады Асфальтсыз қалған жол: Елтай ауылының тұрғындары күн сайын кептелісте сағаттап тұр Тоқаев Путин, Жапаров, Әлиев, Мирзиёев және Рахмонға алғыс айтты «Ішім өртеніп барады»: Гүлзира Айдарбекова жылап жүрген видеосы тарады «Кешке көшеге шығуға қорқамыз»: Ақтөбе облысында ауылды жабайы аңдар торуылдап жүр Үндістан жағалауында кеме апатқа ұшырап, 22 теңізші жоғалып кетті Мемлекет басшысы Украина Президентін құттықтады Асфальтсыз қалған жол: Елтай ауылының тұрғындары күн сайын кептелісте сағаттап тұр

    «Көктем көркі – қызғалдақ»: Алматы Оқушылар сарайында қалалық қызғалдақ фестивалі өтті

    «Көктем көркі – қызғалдақ»: Алматы Оқушылар сарайында қалалық қызғалдақ фестивалі өтті

    Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында «Көктем көркі – қызғалдақ» атты қалалық фестиваль өтті. Бұл іс-шара табиғат пен өнердің бірлігін айқын көрсеткен жарқын мерекеге айналды, деп жазады QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Экология-биология бөлімі ұйымдастырған бұл басқосу қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін шығармашылық арқылы білдіруге ұмтылған балалардың басын қосты.

    «Көктем көркі – қызғалдақ» фестивалі бүгінде игі дәстүрге айналды. Бұл мерекенің басты мақсаты — гүлдердің әсемдігі арқылы өскелең ұрпақтың бойына сұлулыққа деген сүйіспеншілікті ұялату. Балалар табиғаттың көркіне тамсанып қана қоймай, оны аялауды, қоршаған ортаның нәзіктігін сезінуді және өсімдіктер әлемін сақтау жолындағы жауапкершілікті түсінуді үйренеді», – деді Оқушылар сарайының директоры Айгүл Байсымақова жобаның мән-маңызына тоқталып.

    Бұл ойлар фестивальдің әр кезеңінен көрініс тапты. Іс-шара аясында өткен «Көктем сыйы» байқауында жас қатысушылар табиғи материалдар мен көктем гүлдерінен ерекше композициялар жасаса, «Көктемнің нәзік гүлі» сән шеруінде балалар экологиялық таза әрі қайта өңделген материалдардан дайындалған креативті образдарын паш етті. Сонымен қатар «Менің қызғалдағым» атты пленэр мен арнайы шебердің дәрісі жас дарындардың шығармашылық ізденісіне жол ашты.

    Мерекелік бағдарламада би ансамбльдерінің, этноансамбльдердің, вокалдық топтардың, жеке дара әншілер мен аспапшылардың әуезді өнері көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сахна төрін думанға бөледі.

    Фото: Алматы әкімдігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →