Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кесте тігу – қазақ әйелдерінің байырғы медитациясы әрі табыс көзі • Алматы облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан әйелге 86 500 теңге айыппұл салынды • Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды • Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьті 5:4 есебімен жеңді • Құрылтайда ЕҚЫҰ ПА климаттық және демографиялық қауіпсіздікті талқылады • Тоқаев 28 қазанда халыққа жолдау жасайды • Кесте тігу – қазақ әйелдерінің байырғы медитациясы әрі табыс көзі • Алматы облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан әйелге 86 500 теңге айыппұл салынды • Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды • Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьті 5:4 есебімен жеңді • Құрылтайда ЕҚЫҰ ПА климаттық және демографиялық қауіпсіздікті талқылады • Тоқаев 28 қазанда халыққа жолдау жасайды •

    ҰБТ қалай өзгереді: Министр жауап берді

    ҰБТ қалай өзгереді: Министр жауап берді

    Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда ҰБТ-ға (ЕНТ) балама жаңа тест енгізілетінін мәлімдеді.

    Оның айтуынша, қазір талапкерлер жылына бірнеше рет тест тапсырады: екі рет негізгі, екі рет сынақ және бір рет ақылы бөлімге түсу үшін.

    Бұл өзгеріс биыл емес, келесі жылдан бастап енгізіледі. Яғни талапкерлер дәстүрлі ҰБТ-мен бірге жаңа форматты да таңдап тапсыра алады.

    Жаңа тесттің басты артықшылығы — оны шетелдік университеттер мен олардың филиалдары да мойындайды. Тест әлемдегі ірі бағалау жүйелерін әзірлейтін ETS компаниясының әдістемесімен дайындалып жатыр.

    Министрдің сөзінше, бұл тесттің сапа стандарты мүлде өзгеше болады. Енді талапкердің тек білімі емес, оның тұлғалық қасиеттері де ескеріледі.

    Атап айтқанда, жаңа формат:
    – білім деңгейін,
    – ойлау қабілетін,
    – лидерлік қасиетін,
    – мотивациясы мен құндылықтарын бағалайды.

    Осылайша, Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу жүйесі жаңарып, талапкерлерді бағалау тәсілі кеңеймек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →