Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев қазақ тіліндегі жасанды сөздер мен араб терминдерінің шамадан тыс қолданылуына қатысты пікір білдірді • Айқын Төлепберген продюсер Баян Алагөзованың жобасын сынап тастады • Тоқаев 14 азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады • «4,5 пайыздық өсімнен де маңызды мәселе бар»: экономист Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді түсіндірді • Тоқаев Жарлығымен тіл мен мәдениет қайраткерлері марапатталды • Жетісу облысында жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды • Тоқаев қазақ тіліндегі жасанды сөздер мен араб терминдерінің шамадан тыс қолданылуына қатысты пікір білдірді • Айқын Төлепберген продюсер Баян Алагөзованың жобасын сынап тастады • Тоқаев 14 азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады • «4,5 пайыздық өсімнен де маңызды мәселе бар»: экономист Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді түсіндірді • Тоқаев Жарлығымен тіл мен мәдениет қайраткерлері марапатталды • Жетісу облысында жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды •

    Желіде жағымсыз пікір жазған алматылық әйелдің басына бұлт үйірілді (ФОТО)

    Желіде жағымсыз пікір жазған алматылық әйелдің басына бұлт үйірілді (ФОТО)

    Фото: әлеуметтік желі

    Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға тіл тигізген әйел полицияға жеткізілді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Threads-та Виолетта Паршина атты желі қолданушысы Желтоқсан оқиғасына қатысты жазбаға даулы пікір қалдырған. Ол Желтоқсан ардагерлерін «мас, ақымақ, ауылдан шыққандар» деп атаған. Кейін әйелдің аккаунты өшірілген.

    Кейбір БАҚ-тың дерегінше, қоғамдық резонанстан кейін әйел адам жұмысынан да айырылған.

    Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    «Азаматша П.-ның жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның әрекеттеріне ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілуде. Мұндай әрекеттерге жол берілмейді және оларға қағидатты түрде құқықтық баға беріледі. Тұлғаның мәртебесіне және өзге де жағдайларға қарамастан, ұлттық белгісі бойынша қорлау фактілеріне жол берген барлық азамат заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады», – делінген хабарламада.

    Алматы қаласының полициясы ұлтаралық келісімді бұзуға бағытталған кез келген әрекеттер, арандатушылық және алауыздықты қоздыратын материалдарды тарату фактілері қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →