Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Ұлытауда 7 мың га ауыл шаруашылығы жері мақсатсыз пайдаланылған

    Ұлытауда 7 мың га ауыл шаруашылығы жері мақсатсыз пайдаланылған

    Фото: freepic

    Ұлытау облысының прокуратурасы жер заңнамасының орындалуын тексеру барысында жер учаскелерін заңсыз беру және оларды мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Тексеру нәтижесінде коммерциялық мақсаттағы екі жер учаскесі белгіленген тәртіп сақталмай берілгені, сондай-ақ ауыл шаруашылығы үшін бөлінген 7 мың гектар жердің мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды.

    Жаңаарқа ауданында ауданы 1,2 гектардан асатын жер учаскесі міндетті электрондық сауда-саттық өткізілмей жеке тұлғаға берілген. Бұл жағдай ашықтық қағидаттарын бұзып, негізсіз артықшылық туғызған.

    Сонымен қатар су қорғау аймақтарында жер беруге тыйым салатын су заңнамасының талаптары бұзылып, 55 жер учаскесі жеке меншікке берілгені белгілі болды.

    Анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. Қазіргі уақытта заңсыз берілген жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтару және кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту бойынша шаралар қабылданып жатыр.

    Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →