Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза елге қашан әкелінеді?

    Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза елге қашан әкелінеді?

    Фото: instagram.com/qais_arr

    Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамзаның ісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Оның айтуынша, оның ісіне қатысты Вьетнамдағы процесс әлі аяқталмаған.

    «Вьетнамдағы процесс әлі біткен жоқ, блогердің ісі қаралып жатыр. Ең алдымен сот шешімі шығуы керек. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Ол аяқталғаннан кейін шешім қабылданады», – деді министрдің орынбасары.

    Әлібек Бақаев Қайсар Қамзаның Интерпол желісі арқылы ұсталғанын да растады.

    «Оның ісі Интерпол арқылы өтті. Бұл екі мемлекеттің іздеу және тергеу жұмыстарының нәтижесі. Қазір ұсталды, өз процедурасы бар. Сол тәртіппен елге қайтару мәселесі қаралады», – деді ол.

    Журналистердің «қанша жылға сотталуы мүмкін?» деген сұрағына Бақаев нақты жауап бере алмайтынын айтты.

    «Бұл мәселеге сыртқы істер министрлігі жауап бермейді. Мұны тергеу және сот жүргізетін құзыретті органдар шешеді», – деді Әлібек Бақаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →