Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды •

    Алматыда 22 мың шаршы метрден астам жол төсемі жөнделеді

    Алматыда 22 мың шаршы метрден астам жол төсемі жөнделеді

    Фото: Алматы әкімдігі

    Алматыда ауа райының қолайлы болуына байланысты жолдарды ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу жұмыстары басталды. Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта 22 мың шаршы метрден астам жол төсемі ағымдағы жөндеумен қамтылып отыр, деп жазады QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Жөндеу жұмыстары Гоголь, Төле би, Розыбакиев, Мақатаев, Наурызбай батыр, Байтұрсынұлы, Мәметова, Қонаев көшелері мен Абай, Рысқұлов, Сейфуллин, Абылай хан даңғылдарының және басқа да магистральдық көшелердің жекелеген учаскелерінде жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс аясында 110 люк көтеріліп, 159 люк ауыстырылды, сондай-ақ 281 жаңбыр суына арналған науа жаңартылды.

    Қазіргі таңда Зенков және Жетісу көшелерінің жекелеген учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, орташа жөндеумен ұзындығы 290 шақырым болатын 360 көшені, оның ішінде 17 магистральдық көшені қамту жоспарланған. Сонымен қатар, Наурызбай және Алатау аудандарында жол құрылысы басталды. Жоспар бойынша 68 шақырым жол төсемі салынады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →