Қасым-Жомарт Тоқаев Ирак Президентін құттықтады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Қазақстан Президенті Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған Низар Амидидің бастамаларына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтаған болатын.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика