Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    «34 миллион теңге»: Тұрсын Алагөзовтің бір күртесінің бағасы талқыға түсті (ФОТО)

    «34 миллион теңге»: Тұрсын Алагөзовтің бір күртесінің бағасы талқыға түсті (ФОТО)
    Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/@tursenalaguzov

    Таяуда зәулім сарайын көрсетіп, желіні шулатқан продюсер Баян Алагөзова мен кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің гардеробындағы қымбат бұйымдардың құны белгілі болды. Блогер Анель Абду кәсіпкердің киімдері мен аксессуарларының нарықтағы бағасын жазды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Azattyq Rýhy мәліметінше, Тұрсынғали Алагөзовтің Louis Vuitton брендінен алған маржан тастармен көмкерілген, эксклюзивті күртесі 34 млн теңге, тағы бір арнайы тапсырыспен тігілген күртесі 8 млн 245 мың теңге тұрады. Audemars Piguet қолсағаты 16 млн 641 мың теңге, қолсөмкесі 5 млн 742 мың теңге, бұзау терісінен тігілген аяқ киімі 800 мың теңге тұрады.

    Айта кетсек, жақында ерлі-зайыптылар 4 гектар аумақты алып жатқан ерекше стильдегі зәулім сарайын көрсеткен болатын. Терезесінен Алматының алып таулары «алақандағыдай» көрініп тұратын нысанның аумағында заманауи жылыжайлар, 8 қанатты киіз үй, балалар ойын алаңы орналасқан.

    Тұрсынғали мен Баян Алагөзовтер 2017 жылғы 7 желтоқсанда ресми түрде некелескен. Бүгінде ерлі-зайыптылардың Алиса және Алма есімді ортақ қыздары бар.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →