Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты •

    «Қарым-қатынас жасағым келеді»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі күтпеген мәлімдеме жасады

    «Қарым-қатынас жасағым келеді»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі күтпеген мәлімдеме жасады

    Фото: видеодан скрин

    Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ляйсира Марат әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілін үйренуге қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Ол бұған дейін қазақша сөйлемеуге түрлі себеп іздеп келгенін жасырмады.

    «Неге сіз қазақ тілінде сөйлемейсіз? Мен өзімді ақтайтын сылтауларды қойдым. Қазақша сөйлемеудің себебін іздеуді тоқтаттым. Ең бастысы – менің өзімнің қалауым бар!», – деп жазды ол.

    Сондай-ақ, ол қазақ тілін тек түсініп қана қоймай, еркін сөйлегісі келетінін атап өтті.

    «Мен тек түсініп қана қоймай, қазақтілді ортамен толыққанды қарым-қатынас жасағым келеді: базарда саудаласу, әзілге әзілмен жауап беру, жолда әңгіме қолдау… Оқырмандарымның арасында осы жолдан өткендер бар екеніне сенімдімін, жақсы мұғалім немесе курстар ұсынсаңыздар, қуанышты болар едім», – деді Ляйсира Марат.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →