Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кардиолог 40 жастан кейін жүрек саулығын сақтаудың үш ережесін атады • Каспийдегі трагедиядан аман қалған үш әскери қызметшінің жағдайы тұрақты • Тоқаев Қарулы Күштерде әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды • Айбек Оралбай Азия ойындарында қырғызстандық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді • Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жылдық еңбегі туралы жазба жариялады • Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті • Кардиолог 40 жастан кейін жүрек саулығын сақтаудың үш ережесін атады • Каспийдегі трагедиядан аман қалған үш әскери қызметшінің жағдайы тұрақты • Тоқаев Қарулы Күштерде әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды • Айбек Оралбай Азия ойындарында қырғызстандық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді • Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жылдық еңбегі туралы жазба жариялады • Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті •

    «Жомарт» кенішіндегі өндірістік қауіпсіздік: барлық шаралар толық көлемде орындалып, бақылауға алынды

    «Жомарт» кенішіндегі өндірістік қауіпсіздік: барлық шаралар толық көлемде орындалып, бақылауға алынды
    Фото: Қазақмыс корпорациясы

    «Жомарт» кенішінде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаевпен және ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Рашид Дубаевпен бірлескен жұмыс сапары өтті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Сапар барысында Қазақмыс корпорациясы өткен жылғы оқиғаның салдарын жою бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесін, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралардың іске асырылу барысын таныстырды. Сонымен қатар қазіргі кездегі кеніштегі аэрогаздық жағдай мен бақылау жүйелерінің жұмысы көрсетілді.

    Мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының кешені жүргізілді. Бұған дейін оқыс оқиға тіркелген аумақтарда газсыздандыру бойынша қажетті шаралар атқарылды. Тау-кен жұмысын қауіпсіз жүргізу бойынша жол картасы әзірленіп, енгізілуде. Желдету жүйелерін жаңғырту жалғасуда, тәулік бойы жүзеге асырылатын аэрогаздық бақылау күшейтілді.

    Іс-шаралардың бірқатары қосымша ғылыми зерттеу жүргізуді және тау-кен жұмысын жүргізу параметрлерін түзетуді қамтыды.

    Сонымен қатар Корпорация қосымша ұйымдастырушылық-техникалық шараларды жүзеге асыруда. Олардың қатарында жабдықты жаңғырту, персоналды позициялау және апаттық хабарлау жүйелерін дамыту, сондай-ақ мемлекеттік инспекторлардың қатысуымен техникалық тексеріс жүргізу бар.

    Барлық жұмыс бекітілген кесте бойынша орындалып, тұрақты бақылауға алынды. Жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәуекелдің алдын алу Корпорация үшін басты басымдық болып қала береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →