Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі? Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі?

    Алматы маңындағы жол апатынан мопед жүргізушісі көз жұмды (ВИДЕО)

    Алматы маңындағы жол апатынан мопед жүргізушісі көз жұмды (ВИДЕО)

    Алматы қаласының іргесіндегі ауылда жол-көлік оқиғасынан бір адам көз жұмды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. 

    Қайғылы оқиға Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы Рысқұлов пен Әзербаев көшелерінің қиылысында болған. Қиылыста автокөлік пен мопед соқтығысып, салдарынан мопед жүргізушісі қаза тапты.

    Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 сәуір күні Абай ауылында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    «Алдын ала мәлімет бойынша, BYD маркалы автокөліктің 37 жастағы жүргізушісі қосалқы жолдан шыға отырып, негізгі жолдағы көлікке жол бермей, мопедпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан мотокөлік жүргізген 42 жастағы азамат алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады полиция.

    Қазіргі уақытта автокөлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, мән-жайы анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →